Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Қостөбе ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында округке қарасты Талас бекетінің тұрғындарымен кездесіп «Дін мен дәстүр егіз ұғым» тақырыбында насихат айтты.
Қанат Әділханұлы насихатында: «Дін мен дәстүр – қашанда бір-бірімен сабақтас ұғым. Екеуі егіз тақырып десек те болғандай. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы батырлығы мен ерлігіне байланысты.
Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық. Дәстүр – ұлтты рухани жандандырып, оның ішкі және сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттар», - деді.