Бүгін Жамбыл облысының мешіттерінде бір мезетте екінші дүниежүзілік соғыста опат болған ата-бабалар рухына Құран бағышталды.
Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітіне бесін намазына жиналған жамағатпен бірге мешіттің наиб имамы Нұрлан Мұрат пен ұстаз Әбдіқадір Сейтқали Отанын қорау үшін қасық қаны қалғанша жанкешіп майдан даласында мерт болғандар, ескерусіз қалған азаматтар, із-түзсіз жоғалған барша боздақтарға арнап Құран оқыды. Имамдар Құранның сауабын бағыштап, дұғасын жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі