#Байзақ: ИМАМДАР ТЕКТҰРМАС КЕСЕНЕСІНЕ БАРДЫ

#Байзақ: ИМАМДАР ТЕКТҰРМАС КЕСЕНЕСІНЕ БАРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы мен III аймаққа қарасты ауыл имамдары «Дархан дала» жобасы аясында тұғыры биік Тектұрмас кесенесіне зиярат жасап, Құран аяттарын оқып, ата-бабаға бағыштады.

Тектұрмас кесенесі – Тараз қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан XIV ғасыр сәулет ескерткіші. Бұл өңірдің діни ескерткіштерінің бірі.

Кесене сәулетшісі мен құрылысшылары белгісіз. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған күмбезді төртбұрышты ғимарат. Сүйір аркалы кіреберіс батысқа Тараз қаласына қарап тұр. Кесене бұрышы пилястрмен аяқталады, қабырғаларда сылақ іздері бар. Г.А. Пугаченкова кесенені XIV ғасырға жатқызады. «Тектұрмас» лақап аты «жай тұрмайды» деген мағынаны береді.

Кесене Сұлтан Махмұдханның жерленген орны болып саналады. Нұсқалардың бірі бойынша ол жергілікті әулие, басқасы бойынша – Қараханид әскерлерінің бас қолбасшысы. Ол исламның таралуына үлкен үлес қосқан. Құрылыстың нақты уақыты туралы деректер жоқ. ХІХ ғасырдың соңында кесенені В.А.Каллаур зерттейді. ХІХ ғасырдың 80-жылдарындағы жалғыз фотосурет қалған. Кесене 1935 жылы қиратылады. 1939-1940 жылдары оның үйінділерін Г.И. Пацевич зерттейді. 2002 жылы Тараздың 2000-жылдығына орай Амангелді Момышевтің бастамасымен кесенені қалпына келтіру жұмыстары басталып, сол жылы қолдануға берілген. Қайта жаңарту жұмыстарын жас сәулетші Нұрлыбек Бәкеев қолға алды. Кесене сақталып қалған ескі сурет бойынша қалпына келтірілді.

Енді бабамызға қатысты аңыз деректерге тоқталсақ, Тектұрмас Х-ХІ ғасырларда өмір, кезінде қолбасшы, батыр және ислам дінін уағыздаушы болған. Өз заманындағы шариғат-ілімдерді терең игерген білімді адам болған деседі. Бұл кісінің шын есімі – Сұлтанмахмұт Шах, ал Тектұрмас халықтың қойған лақап аты. Тектұрмас деп қойылуының өзіндік тарихы бар, сөз басында айтқанымыздай Сұлтанмахмұт ел басқарған тұсында өте бимаза, үнемі бәрін өзінің бақылауында, қарауында, жиі тексеріс жасап қадағалап отыратын болған. Кішкентай елдімекеннен бастап, үлкен қалаларға дейін өзі назарда ұстаған. Содан халық әне, тағы да тек тұрмайтын Тектұрмас келе жатыр деп сол теңеуден ел арасында лақап аты таралып кеткен.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: