Тұрар Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылы «Қорағаты» мешітінің молдасы Нұрдәулет Исаұлы «Жолың болсын, жас түлек» атты мектеп бітірушілердің мектеппен қоштасу шарасына қатысты. Жиында ауыл имамы бірнеше түлектің аттестатын табыстады.
Нұрдәулет имам: «Қымбатты жас түлектер, тәуел-сіздігіміздің тұрақты, ертеңіміздің шуақты болуы сіздердей жастарға байланысты. Бүгін өмірдің алғашқы межесінен өттіңіздер, ендігі тағдыр өз қолдарыңызда. Өз басым бұл мақсат-міндеттің де үдесінен шығып, табыс биігіне жететіндеріңізге кәміл сенімдімін. Үлкен өмір жолына басқан қадамдарың сәтті болсын, табыс биігінен көріне беріңіздер» – деп түлектерге ақ жол тілеген ауыл имамы көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар, болашақта үздік жоғарғы оқу орындарына оқуға түсіп, білімді де білікті маман иесі болуға тілектес екенін жеткізді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі