#Қордай: Құрбан айт мейрамы көпшілікпен тойланды

#Қордай: Құрбан айт мейрамы көпшілікпен тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қасиетті Құрбан айт —мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі. Айт — сөзі «әл-ғиду» сөзінен шығып, мереке, мейрам, қуаныш деген мағыналарды білдіреді. Бұл күні мұсылман адам айт намазын оқып, құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер жасауға тырысады. Алла тағала қасиетті құранда «Хаж» сүресінің 32-аятында:«Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, шындығында ол жүректің тақуалығынан» — деген. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с):«Құрбан айт күнін мереке ретінде атап өтуге маған бұйрық келді. Бұл күнді Алла тағала тұтас үмбет үшін мереке етті»-деген. (имам Әбу Дауд)

Қордай ауданы, Аудандық «Қордай» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесі көпшілікпен тойланды. Аудан бас имамы Егизбаев Алмуханбетаранжан ең алдымен «Қасиетті Құрбан айт – ұлық мереке» атты тақырыпта уағыз-насихат айтып, айттың қасиеттері мен орындалатын ізгі амалдарды кеңінен айқындап түсіндірді. Артынша Құрбан айт намазы оқылып, Құран бағышталып қариялар дұға жасады.

Аудандық «Қордай мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: