Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Құттыбек Абибуллаұлы Көкбастау ауылдық «Қалмұрат баба» мешітінде құрбан айт намазын өткізді.
Айт намазында Құттыбек Абибуллаұлы: «Шариғатымызда құрбандық деп – арнайы шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздауды айтамыз. Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп. Алла Тағала қасиетті Құранның «Кәусар» сүресі, 2-аятында ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал», – деп, әмір етіп, құрбан шалудың уәжіптігін білдірген.
Қасиетті Құрбан айтта Алла Тағаланың бұйрығын дұрыс орындап, құрбандығымыз қабыл болуы үшін құрбандыққа қатысты мына мәселелерді білуіміз қажет», - деп құрбан шалудың шарттарына жекелей тоқталып, жамағатпен бірге айт намазын оқып, елдің амандығы үшін дұға жасады.