#Байзақ: БАС ИМАМ АҚҚИЯ МЕШІТІНІҢ ҚҰРЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

#Байзақ: БАС ИМАМ АҚҚИЯ МЕШІТІНІҢ ҚҰРЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Аққия ауылдық «Аққия» мешітінің құрлысымен танысты.

         Мешіттің іші сыртын көрген Қанат Әділханұлы: «Мешіт салу турасында пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Кімде-кім Алланың разылығын көздеп жер бетінде мешіт салса, Алла Тағала оған жұмақтан бір үй салады», – делінген (Бұхари, Мүслим, Тирмизи, Ибн-Мәжә). Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Қандай да бір адамның мешітке қатысы барын көрсеңіз, оның мүмин болғанына куәлік етіңдер. Өйткені, Алла Тағала: «Алланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткендер ғана салады», – деген», – дейді. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына көшіп келгенде, ең әуелі қолға алған жұмысы – мешіт құрылысы болған. Мешіт қызметі тек құлшылық мекені ретінде шектелген емес. Бес уақыт намаз өтелетін киелі орын болуымен бірге, қоғамдық маңызға да ие болған» деп насихатын жеткізді. Өйткені, руханият мәйегі болып табылатын мешіттер – халқымыздың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін, имандылық қағидаттарын жақынырақ танып-білуімізге үлкен септігін тигізетіні сөзсіз», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: