#Байзақ: IV АЙМАҚ ИМАДАРЫНА УСУЛУ ФИКҺТАН СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: IV АЙМАҚ ИМАДАРЫНА УСУЛУ ФИКҺТАН СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы IV аймақ имадарына «Усулу фикһтан» семинар өтті. Семинарда аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Фиқһ негіздері ғылымын екі жолмен тануға болады.

"«Усуль әл-фиқһ» деген терминді құрайтын екі сөздің мағынасын жеке-жеке талдау арқылы. «Асл» (көпше түрі: усуль) сөзінің терминологиядағы мағынасы: «басқа заттар негізделетін нәрсе». Ал «фиқһ» сөзінің мағынасы: шариғаттың амалдарға қатысты үкімдерін егжей-тегжей дәлелдер арқылы танып-білу. «Шариғат үкімдері» дегеніміз парыз қылу мен харам қылу сияқты шариғаттан алынған заңдар. «Амалдарға қатысты» дегеніміз намаз, зекет сияқты ақидаға қатысы жоқ нәрселер. Аллаһтың таухиды, оның есім-сипаттарын білу сияқты нәрселер терминологияда «фиқһ» деп аталмайды. «Егжей-тегжей дәлелдер арқылы» дегеніміз фиқһтағы жекелей (жалпы емес) мәселелерге қатысты дәлелдер арқылы тану. «Усуль әл-фиқһ» пәніне берген анықтама арқылы: «фиқһтың жалпы дәлелдерін, олардан пайда алу жолдарын және пайда алушының халін зерттейтін ғылым». «Жалпы дәлелдер» дегеніміз егжей-тегжей мәселелерге қатысты емес, фиқһты жалпылай реттеп, оның негізі боп табылатын қағидалар. Мысалға: бірнәрсеге тыйым салу оның харам екеніне, бірдеңеге әмір ету оның уәжіп екеніне дәлел. «Олардан пайда алу жолдарын», яғни үкім етуші сөздер мен олардың жалпы және жеке дәлелдерін зерттеу арқылы ахкәмдардан пайда алу жолдарын білу. «Және пайда алушының халін», яғни муджтаһидты, себебі ол үкімдерден пайда алу арқылы иджтиһадқа жетеді. Оның халін иджтиһадтың шарттары мен үкімдерін тану арқылы білуге болады", - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: