#Байзақ: «ХАДИСТАНУ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

#Байзақ: «ХАДИСТАНУ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жетібай ауылы «Ақыл ата» мешітінде  IV аймақ имамдарына «Хадистану» атты семинар өтті. Семинарға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және аймаққа қарасты имам-молдалар қатысты.

         Қанат Әділханұлы: «Хадис тізбектеріндегі жеткізуші тұлғаны «Рауи» деп атайды, әр заманға байланысты хадис жеткізушілері өздерінің жадында хадисті сақтау арқылы келер ұрпаққа таза және олқылықсыз жеткізуге бар жігер-қайратын төккен. Ислам ғылымының қайнар көзін сақтауда көзінің қарашығындай байыппен жаттау арқылы және кітап күйінде сақтаған. Ислам ғалымдарының ғылымға деген ыждахаттылығының жоғары денгейде екенін ислам әдебиеттерінің жинақтау әдіснамасынан байқауға болады. Сахих хадис дегеніміз – тілдік мағынасы тұрғысынан «дұрыс», «сау» деген мағынаға ие. Терминдік мағынасы «Нақты тізбек жеткізушілерімен (рауилер) соңына дейін тізбегі жалғасқан, хадистің қарама-қайшылығы мен дұрыстығын жоятын бүркеме олқылығы жоқ хадис», - деп дәріс оқыды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: