#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Жалғызтөбе ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде бас имам Қанат Әділханұлы: «Ертеректе ел арасында діндар адамға деген сүйіспеншілік пен құрмет жоғары болған еді. Бес уақыт намазын қаза қылмай, тақуалық өмір салтын ұстанатын жандардың аузы дуалы, сөзі пәтуалы шығып жататын. Ал қазір ше? Дінге жақын жүрген жандардың барлығы бірдей емес. Сонау кеңестік идеология 70 жыл бойы қысым жасап, құрта алмаған дінге деген құрмет отыз жылда өзгерді.

Бұған не себеп? Әңгіменің әлқисасын әріден бастасақ, сонау тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде діни ұйымдардың жұмысына қадағалау тиісті деңгейде жүргізілмеді. Алдымызда тәжірибе жоқ еді өйткені. Соны сәтті пайдаланған түрлі діннің өкілдері, секталар мен ағымдар жауыннан кейінгі саңырауқұлақша көбейіп алды. Кейін ес біліп, етек жапқан тұста бірқатар тәртіпке келтіргендей болдық. Десек те, жат ағымдар ұрығын сеуіп үлгерген еді. Мұның соңы ұлттық болмысымыз бен дәстүрімізді жоққа шығаруға дейін ұласып кетіп жатты», - деп «Жат ағымнан сақтану жолдары» тақырыбында насихат айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: