#Байзақ: ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

#Байзақ: ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі Исламды дәріптеу, оның ғылыми-теориялық негізін дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейде көтеріліп келеді.

Халқымыздың дәстүрлі жолын насихаттап, салтымыз бен ғұрпымызды дәріптеп келе жатқан бірегей рухани орда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осындай мәселелер мен бастамаларды ескере келе, үстіміздегі жылды діни қызмет аясында «Ислам және дәстүр құндылығы жылы» деп жариялаған болатын. Бұл бастама дәстүрлі дінімізді, ата-бабамыз сан ғасырдан бері ұстанып келген діни жолымызды, төл мәзһабымызды, ұлттық құндылықтарымыз бен қазақы болмысымызды дәріптеуге серпін береді.

«Ислам және дәстүр құндылығы жылы» аясында, Байзақ аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде аудан әкімдігі Ішкі саясат бөлімі басшысы Мәдина Сейтқазина мен «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлының қатысуымен кездесу өткізілді. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қолдауымен дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтарды түсіндіру, теріс діни ағымдардан сақтандыру мақсатында ұйымдастырылған кездесуді Байзақ аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, подполковник Есжан Абдуманапов ашып берді. Алғашқы сөз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мәдина Сейтқазинаға берілді. Бөлім басшысы өз сөзінде: «Кез келген мемлекет өзінің дін саласындағы саясатын тарихи, мәдени, экономикалық және басқа да факторларын ескере отырып белгілейді.», - деді.

 Бас имам өз сөзінде дәстүрлі діни таным – халықтың дүние танымымен, салт-дәстүрімен, мәдениеті мен өзара үйлесім тапқан рухани құндылықтар жүйесі екеніне, Ислам діні қазақ ұлтының ұлт ретінде қалыптасуына, әдеп пен құқық нормаларының орнығуына тікелей әсер еткенін атап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: