Мойынқұм ауданы, Мыңарал аулдық "Шалғынбайұлы Бейсенбай" мешітінің имамы Әбікеев Сәбит Арманұлы ауыл тұрғындарымен кездесті.
"Ислам мейірімділік жолы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылып, С. Арманұлы шынайы ислам жолының қандай жол екендігін халыққа кеңінен түсіндіріп, Алланың алдында мейірімге толы адамға ғана Алланың мейірімі түсетінін жеткізді. Тұрғындар имамға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
Р. Асылбек
Мойынқұм ауданының бас имамы