#Байзақ: АЙМАҚ ЖЕТЕКШІСІ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

#Байзақ: АЙМАҚ ЖЕТЕКШІСІ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты V аймақ жетекшісі Әли Олжабайұлы Мәдімар ауылдық «Мәдімар» мешітінің жамағатына уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.

Әли Олжабайұлы насихатында: «Асыл дініміз исламның қайнар бұлағынан сусындап, имандылықты дәстүрімен сабақтастыра білген халқымыз қашан да ата-ананы сыйлап, олардың ақ батасын алуға тырысқан. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ахқаф» сүресі, 15-аятында:«Біз адам баласына ата-анасына жақсылық жасауды өсиет еттік», – деп айтқан.

Жаратушының адам баласына әмір еткен осы бұйрығын жете түсінген ата-бабаларымыз: «Алты аға бірігіп – әке болмас, жеті жеңге бірігіп – ана болмас», – деп ата-ананың орны мен дәрежесін жоғары қойған», - деді.        

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: