#Байзақ: САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫ ЕСКЕ АЛЫНДЫ

#Байзақ: САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫ ЕСКЕ АЛЫНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы орталығындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына қойылған құлпытас маңында жиын өтті.

  Жиналғандар алдында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков сөз сөйлеп, халқымыздың тарихындағы қасіретті оқиғалардың бірі - ашаршылық пен қуғын-сүргін оқиғасының зардабына тоқталды. Жас ұрпақтың борышы – елінің бірлігі мен болашағы үшін күрескен қайсар бабаларды ешқашан ұмытпауымыз қажеттігін баса айтты. Еліміздің жарқын болашағы, жеріміздің бүтіндігі үшін күрескен ардақты азаматтардың есімін қастерлеп, еңбегін құрметтеу, тарих ақтаңдақтарын ұмытпай, өткеннен сабақ алу қажеттігіне басымдық берді.

Іс-шараға қатысушылар Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл әруақтарға бағыштап Құран оқыған соң, шара қатысушылары жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етіп, құлпытасқа гүл шоқтарын қойды.

Еске алу шарасына аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, "АМАНАТ" партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева да қатысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: