Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округінде 1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Балалар өмірдің гүлі» атты концерттік бағдарлама өтті. Жалғызтөбе ауылдық округі әкімі Унетаев Нүркен Наятұлы мен Ақсақалдар алқасының төрағасы Қалмахан атамыз бен «Ақыл ата» мешітінің имамы Қадырбек Әбенұлы аталарымыз ізгі тілектерін білдірді.
Балаларға сусындар мен балмұздақтар таратылды. Балалармен сурет салу, ән айту, би билеу және спорттық ойындар ойнатылып,үздіктер дипломдармен марапатталды. Іс-шараға 150 бала қамтылып, керемет көңіл күй сыйланды.