Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсны): «Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы» - деген. Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күні Меркі ауданына қарасты «Достық» мешітінің имамы Халыллаев Тойлыбайдың ұйымдастыруымен «Берекелі жұма» науқаны өтіп, қайырымдылық жасалды.
Науқан аясында бір қой құрбандыққа шалынып, еті 10 отбасыға тарқатылды. Бұған қоса күнделікті тұрмысқа қант, сұйық май, күріш, макарон, шәй және т.б. қажетті азық-түлік таратылды.
Көмек алған отбасылар демеушілік жасаған және осы іс-шараны ұйытқы болған Тойлыбай имамға алғыстарын білідіріп,рақметтерін айтты.
Алла Тағала берген нығметтерді өзгелермен бөлісіп жүрген, шүкіршілігін білдіріп, демеушілік жасап жүрген бауырларымыздың амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазғай!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі