#Меркі ауданы: Фиқһ дәрістері жалғасуда

#Меркі ауданы: Фиқһ дәрістері жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан ауданға қарасты «Меркі ата» мешітінің жамағатына «Фиқһ» пәнінен дәрісін жалғастыруда.

Пирназаров Бауыржан кешкі дәріске жиналған жамағатқа құлшылыққа қатысты мәселелер мен үкімдерді кеңінен түсіндіріп беруде. «Фиқһ» дәрісі мұсылман адамның құлшылығын реттейтін сала. Құлшылықты не бұзады, қалай дұрыс орындалады деген сынды сұрақтарды осы «Фиқһ» саласы қарастырады. Әрбір мұсылман өзінің Алланың алдындағы міндеттері мен құлшылығын жетік білуі керек.

Жамағат дәріс барысында көптеген мағлұматтар алып, құлшылықтарын ретке келтіруде.Дәріс соңында жамағат ұстаздарына сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алуда.

Алла Тағала елімізден білімді, салихалы, Елім, Жерім дейтін азаматтарымыздың көптеп шығуын нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: