Дін мен дәстүр қашанда бір-бірімен сабақтасып келген. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет.
Ақтөбе ауылы «Жылғабек» мешітінің имамы Абусейт Қоспановтың ұйымдастыруымен "Ислам және дәстүр құндылығы" жылына орай мешіт шәкірттері мұражайға саяхат жасады. Дәстүрлі құндылықтардың сақталуы мен жандануы мақсатында тарих пәнінің мұғалімі Мейіржан Ержанұлы жас ұрпаққа қазақ сарбаздарының бес қаруы мен тіршілігі туралы таныстырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі