Біздің дініміз – бейбітшілік, махаббат пен мейірім діні. Сүйіспеншілікті тарату оның ажырамас бөлігі ал, сыйлық соның құралы. Сыйлықтар тарту ету біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті. Хадисте: «Сыйлық сыйлаңдар, сонда араларыңда сүйіспеншілік, бір-біріңе деген құрметтерің артады» - делінген.
Осыған байланысты Қордай ауданы, Масаншы ауылы «Масаншы ауылдық мәдениет үйінде» Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз» атты іс-шарасы болып өтті. Аталмыш жиында кәсіпкер Шесиров Рашид Мухамедовичтің демеушілігімен Қордай ауданы, Қаракемер ауылы «Қаракемер 2» мешітінің имамы Данияр Таубалды Сәрсебекұлына кіші ұмра қажылығы сыйға берілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі