#Байзақ: «ПӘТУА БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: «ПӘТУА БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінде I және III аймақ имамдарына «Пәтуа берудің маңыздылығы» атты пәтуа сағаты өтті. Арнайы шараға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және аймақтарға қарасты ауыл имам-молдалар қатысты.

Қанат Әділханұлы: «Әрбір ауданда бөлімге қарасты, пәтуаға жауапты имамдар бар. Міне, бұл  имамдарымызға адамдармен дұрыс мәміле жасауды, сұрақ қоюдың әдебі мен жауап берудің әдебін, жетік жауап беруді білудің маңызын айтып отырмыз. Мақсатымыз – Байзақ ауданында әр мәселеге байланысты сұрақ қанша болса да, жауап беруді бірізді іске асыру. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы жылды «Ислам және дәстүр құңдылықтары» жылы деп жариялағанын білесіздер. Баршамызға белгілі, елімізде жылда отбасылардың 35 пайызы ажырасып жатыр. Осының алдын алу мақсатында ҚМДБ-ның күретамыры болған Пәтуа бөлімінің бағыт-бағдар беруімен отбасы құндылықтарының сақталуы, отбасына байланысты сұрақтардың жауабының дұрыстығы мен бірізділігін қалыптастыру, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы семинар ұйымдастырып отырмыз», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: