1 маусым - Халықаралық балалар қорғау күні. Бұл күн жас ұрпақтын құқығын қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ білім мен тәрбие берудің арнасы десек те артық емес.
Осыған орай, Шу аудандық «Жәми» мешіті демеушілердің көмегімен мүмкіндігі жектеулі, көпбалалы жанұяларға аяқ-киімдер табысталды. Аталған қажеттіліктерді ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев үлестірді.
«Балалы үй базар...» дейді дана халқымыз. Елдің санын көбейтіп, халқына қызмет етер азаматтарды тәрбиелеп отырған жұртшылық мынадай қайырымдылық үшін шын разы.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі