ЖАТ АҒЫМ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ ИМАМДАРДЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ЖАСАЛДЫ

ЖАТ АҒЫМ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ ИМАМДАРДЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ЖАСАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміз Ислам адамзатты бейбітшілікке, татулық пен бірлікке, ғылым-білімге, өзара мейірімділікке насихаттайтын дін. Қазақ даласына Ислам діні келгеннен бастап халқымыз осы уақытқа дейін имам Матуриди ақидасын, имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанып келді. Бұл олардың бірлікте болуына, адасып, түрлі жат ағымның жетегінде кетпеуіне басты себеп болды. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларын әркез бірлікке үндеп, жік-жікке бөлініп, дұшпандық қылудан сақтандыратын.

Осыған орай, облыстық "Һибатула Тарази" мешітінде жат ағым бағыты бойынша жұмыс атқарып жүрген имамдардың жиналысы өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Жат ағым бағытына жауапты Асқар Зәкіржанұлы темір торда жазасын өтеушілерге арналған дәрістер мен түсіндіру жұмыстары жайлы сөз қозғады. Жоспар бойынша жасалып жатқан жұмыстар легі талқыланып, нақты тапсырмалар жүктелді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: