#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Орынбасарұлы Халықаралық отбасы күніне орай «Ислам және отбасы» тақырыбында неке қидырушы жас отбасылармен кездесу жасады. Жиынға мешіт ақсақалдары да қатысып, жас жұбайларға ақ батасын беріп, үлкен өмірде бақытты болуларын тіледі.

Үмбет имам кездесуде: «Жанұяға жақсы қарау – ізгіліктің бастауы. Аптаның кем дегенде бір күнін отбасына арнаған абзал. Өйткені, баламен сұхбаттасу, онымен ойнау, жарыңмен сырласу, баланың болашағына қатысты жұмыстарды жоспарлау, т.б. амалдар шаңырақтың шырайын кіргізіп, берекесін арттырады. Жұмысбастылық отбасылық жоспардан үстем болмауы тиіс. Өйткені, жанұя – бәрінен биік тұратын құндылық», - деп, отбасыға көңіл бөлудің артықшылығына тоқталды.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: