#Байзақ: НАИБ ИМАМ ДІН МЕН ДӘСТҮРДІ ТҮСІНДІРДІ

#Байзақ: НАИБ ИМАМ ДІН МЕН ДӘСТҮРДІ ТҮСІНДІРДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданының наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Көптерек ауылдық округі әкімдік қызметкерлермен кездесіп, «Дін мен дәстүрді насихаттаудың жолдары» тақырыбында насихат айтты.

         Бақытбек Бауыржанұлы: «Соңғы жылдары күн тәртібінен түспеген қоғамдық мәселелердің бірі – дін мен дәстүр мәселесі. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз дәстүр мен дінді қатар ұстап келгенін жақсы білеміз. Осы ретте, біз зайырлы мемлекеттің тұрғындары ретінде қоғамнан діннің бөлінуі мүмкін еместігін және дін мен дәстүрдің ажырамас құндылықтар екенін жақсы білуіміз керек. Себебі дін де, дәстүр де – қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші, олар бір-бірін толықтырып отыратындығын білікті дінтанушылар тарапынан әрдайым айтылып келеді. Тіпті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан да бірнеше жыл бұрын «Дін мен дәстүр» кітабы да жарық көрді», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: