#БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫНА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

#БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫНА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы IV аймақ имамдарына «Пәтуа берудің жауапкершілігі» тақырыбында пәтуа сағатын өткізді.

Пәтуа сағатта бас имам Қанат Әділханұлы: «Пәтуа дегеніміз – ислам шариғатында құзыретті адамның (беделді дін ғалымының) шариғи қағидаттарға, діни-құқықтық проблемаға қатысты қойылған сұраққа тиісті дәлелдермен берген жауабын айтамыз. Көпше түрі «фәтауа». Белгілі болғанындай, әрбір ғасырдың, әрбір кезеңнің өзіне қатысты проблемалары туындайды. Қазіргі таңда үлкен ислам ғұламалары мен ғалымдары, өз заманының муджтахидтері соларға исламның көзқарасы бойынша, түрлі иджтихадтық әдістер мен механизмдерді қолданып жауаптарын беруде. 

«Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». Шариғат тағылымдары мен ережелерін тәпсірлеу барысында дін ғалымдары мұсылман үмметін алаңдатқан барлық сұрақтары мен проблемаларының шешімдерін табу үшін Құран мен сүннеттен «пәтуалар» шығарған», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: