Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің имамы Әли Оложабайұлының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбында аймақ имамдарына семинар өтті.
Семинар жұмысына Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы қатысып: «Біз – төл діні мен ділі, тамыры терең құндылықтары, сүйенер, қуат алар бай рухани мұрасы бар иманды халықпыз. Бабаларымыздың Ислам дінінен қуат алып, қастер тұтып, атадан балаға аманат қылып, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Мал-мүлкі мен дәулетінен дінін, иманын жоғары бағалаған қазақ: «Алла деген ар болмас, ақтың жолы тар болмас» немесе «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған», - деп, дәстүр құңдылықтарын айтып өтті.