#Қордай: Ауыспалы жұма жалғасын табуда

#Қордай: Ауыспалы жұма жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы мешіттері арасында ауыспалы жұма үрдісі жалғасын табуда. Алға ауылы «Омар» мештінің имамы Жұмабайұлы Зейне Қордай ауданы «Ауылдық Қордай» мешітінде жұма уағызын жүргізсе, Арал ауылы «Арал» мешітінің имамы Жалғас Нұрберді Қордай ауданы «Рахман» мешітінде жиналған жамағатпен жүздесіп, аталмыш мешіттерде намаз жүргізді.

Жұма намазында «Жетімнің ақысы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 2-аятында:

وَآَتُوا الْيَتَامَى أَمْوَالَهُمْ وَلاَ تَتَبَدَّلُوا الْخَبِيثَ بِالطَّيِّبِ وَلاَ تَأْكُلُوا أَمْوَالَهُمْ إِلَى أَمْوَالِكُمْ إِنَّهُ كَانَ حُوبًا كَبِيرًا

«Жетімдердің мал-мүліктерін беріңдер, жаманды жақсымен алмастырмаңдар. Олардың мал-мүліктерін өз мал-мүліктеріңе қосып жемеңдер. Өйткені ол – үлкен күнә», – деп, жетімдерге қамқор болуды бұйырып, олардың ақысын жеуден сақтандырып, ескерткен. Имамдар намазға жиналған жамағатқа жетімге қамқорлық қылып, олардың қажетінде болуды, оны тәрбиелеуді, ер бала болса, ержеткенге дейін, қыз бала болса, бойжетіп, тұрмыс құрғанына дейін оған жақсылық жасау керектігін тілге тиек етіп айтып өтті.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: