#Байзақ: «ХАДИСТІ МЕҢГЕРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

#Байзақ: «ХАДИСТІ МЕҢГЕРУДІҢ НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қосы батыр ауылы «Қосы батыр» мешітінде «Хадисті меңгерудің негіздері» атты II аймақ имамдарына семинар өтті. Семинарға Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы және аймаққа қарасты имам-молдалары қатысты.

         Қанат Әділханұлы: «Хадис тізбектеріндегі жеткізуші тұлғаны «Рауи» деп атайды, әр заманға байланысты хадис жеткізушілері өздерінің жадында хадисті сақтау арқылы келер ұрпаққа таза және олқылықсыз жеткізуге бар жігер-қайратын төккен. Ислам ғылымының қайнар көзін сақтауда көзінің қарашығындай байыппен жаттау және кітап күйінде сақтаған. Ислам ғалымдарының ғылымға деген ыждахаттылығының жоғары денгейде екенін ислам әдебиеттерінің жинақтау әдіснамасынан байқауға болады. Сахих хадис дегеніміз – тілдік мағынасы тұрғысынаң «дұрыс», «сау» деген мағынаға ие. Терминдік мағынасы «Нақты тізбек жеткізушілермен (рауилар) соңына дейін тізбегі жалғасқан, қайшылығымен хадистің дұрыстығын жоятын бүркеме олқылығы жоқ хадис», - деп дәріс оқыды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: