#Шу: 8 отбасыға көмек табысталды

#Шу: 8 отбасыға көмек табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.

Көпшілікке көмек қолын созу мақсатында Шу аудандық "Жәми" мешіті мүмкіндігі шектеулі, жетім-жесір, көпбалалы 8 отбасыға қайырымдылық жасады. Аудан бас имамы Алмас Кенжемолдаев өзі бастап аталған отбасыларды зиярат етті. 50 000 теңге көлемінде азық-түліктерді табыстап, хал-ахуалдарын біліп, жылы лебізін білдіріп қайтты. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: