#Қордай: Ұмра қажылығы сыйға берілді

#Қордай: Ұмра қажылығы сыйға берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сыйлық ол – ілтипат. Бір адамның екінші адамға деген шынайы ықылас көпірі. Сыйлық қатқан жүректі жібітіп, оны жұмсартатын ерекше қасиеті бар. Сыйлық алу әркімнің-ақ ұнататын ісі болғандықтан, оны алушы адамның жаны жадырап, көңілі көтеріліп, іштей бір марқайып қалады. Ислами құндылықтармен біте қайнасқан қазақи салт-дәстүрімізде сый тарту ежелден бар үрдіс. Сыйлық қонақтың иығына шапан жабу, астына ат мінгізу, алдына қоралап қой, үйірлеп жылқы сыйлап айдату, сәлемдеме ретінде азын-аулақ сый-сияпатын беріп жіберу о бастан қазақ дәстүрінің нышандары.

Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінің имамы Нұрмұхамед Кеулімжаевке «Ұмра қажылығы» сертификатын тарту қылды. Бұндай үлкен сыйлыққа қатты қуанған мешіт имамы өзінің алғысын білдірді. Артынша үлкен ақсақал қариялар дұға жасап, тілек тіледі.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: