Қордай ауданы, Аудандық «Қордай» мешітінің бас имамы Алмұханбетаранжан Егізбаев Булар батыр ауылы «Булар батыр» мешітінің жамағатымен жолықты. Бас имам мешіт жамағатына «Мешіт – Аллаға иман келтірген мұсылмандар жиналып намаз оқитын, өзге де құлшылықтарын жасайтын қасиетті мекен»,- екенін айтып түсіндірді. Мешітте дүние ісімен емес Алланы ұлықтаумен, Алланы еске алумен айналысу керектігін тілге тиек етті.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресінің, 18-аятында: «Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға иман келтіріп, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі тұрғызады. Міне, солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі», – деп айтқан. Аудан бас имамы келелі уағыз-насихаттан соң бесін намазын жүргізді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі