Тұрар Рысқұлов ауданы Өрнек ауылы «Күнту ата» мешітінің имамы Қанатжан Көшеков пен Қайыңды ауылдық «Тоқтыбай ата» мешітінің имамы Нұрболат Садуанов ауыл ақсақалдарымен бірге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің басына барып, арнайы құран аяттарын оқып, дұға қылып, сауабын бағыштады.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары да барып, соғысқа қатысқан өз ата-бабаларының есімдерін тауып оқып, қуаныштарын жасыра алмады. Артынан ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, естелікке суретке түсті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі