Талас ауданы Қасқабұлақ ауылы "Әбілхан қажы" мешітінің имамы Хеурза Асанұлы мешіт жамағатына асыл дінімізге қарсы келетін, дәстүр құндылықтарын мойындамайтын, үлкендерге қастерлемейтін діни ағымдардан сақтанудың маңыздылығы жайлы сөз қозғады.
Мешіт жамағаты да әрі дін қызметкерлері де жамағатымызды, әсіресе жастарымызды діни ағымдардан сақтандыру үшін аса мұқияттылықпен әрі үлкен жауапкершілікпен қарау керек екендігін тілге тиек етті.
"Әбілхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі.