Мойынқұм ауданы, Қылышбай ауылдық "Рәтқұл ата" мешітінде жамағатқа арнайы Ихсан тақырыбында уағыз насихаты жүргізілді.
Жүректі жұмсартатын жол ол Ихсан жолы. Айналаңа жақсылық шуағын шашу үшін жүректі тәрбиелеп, оны жұмсартуы қажет. Сонда ғана жұмсақ жүректен мейірім мен кіші пейілділік көріністері сыртқа байқала бастайды. Егер адамдардың жүрегі қатты бола бастаса, жанынан адамдарды таппай қалар еді. Сол үшін қоршаған орта немесе жаратылысқа мейірім көзімен қарау үшін бізге ихсан жолы қажет. Ихсанның пайдасы біздер үшін орасаң.
Ғ. Әлім
Мойынқұм тілшісі