ТАРАЗДА ЗИРАТ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТАРАЗДА ЗИРАТ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Тумақ бар жерде, өлмек бар» демекші, бір адам дүние есігін ашып, өмірге келіп жатса, кей адамдар бұл дүниеден озып жатады. Бұл өзгермейтін ақиқат. Мұсылмандар үшін қабір әлемі – мәңгілік өмірдің алғашқы қақпасы, ақірет әлемінің бастауы. Дүниеден озған адамның артында қалған ұрпақтары мен жанашыр жақындары «Марқұмның топырағы торқа болсын», «Алла алдынан жарылқасын», «Жаны пейіште шалқысын» деп ізгі тілек пен дұға жасап жататыны сондықтан.

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына сай, жыл сайынғы үрдіс бойынша Жамбыл облысының барлық аудандарында қабірлерге тазалық жұмыстары жасалған болатын. Аталған игі істің қорытындысы ретінде Тараз қаласындағы бірнеше қабірстанда жұмыстар жүргізіліп, зират бастары қоқыстан, артық шөптерден толықтай тазартылды. 

Шараға Тараз шаһарының имамдары бастаған жамағат, шәкірттер атсалысып, жұмыла іс қылды. Тазалық шарасынан соң марқұмдарға Құран оқылып, сауабы бағышталды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: