#Байзақ: КЕҢЕС АУЫЛЫНДА «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» НАУҚАНЫ ӨТТІ

#Байзақ: КЕҢЕС АУЫЛЫНДА «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» НАУҚАНЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кеңес ауылдық «Кеңес» мешітінің имамы Әли Олжабайұлының ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла» науқаны аясында айықпас дертке шалдыққан Арайлым қарындастың еміне 543 000 теңге  берілді.

Мешітттер рухани орын ғана емес, қайырымдылық пен ізгілік жасайтын орын болып саналады. Пенде мұқтажға садақа берумен сауапқа кенеледі әрі мүлкінен ештеңе кемімейді. Керісінше Алла оның мүлкіне береке беретін болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде былай дейді: «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде қолын садақа беру үшін созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады» (Табарани. Кәбир. ІХ, 109 б.) Сонымен қатар «Адамның өмірінде берген бір дирхам садақасы, өлім сәтінде берген жүз динар садақасынан артық» (Әбу Дәуіт) деген хадиске  сай «Садақаны сауыңда бер» деген бабаларымыз бес күндік тіршілікте ажал келместен, басқа бәле келместен алдын садақа беруді үрдіске айналдырған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: