#Байзақ: НАИБ ИМАМ АНАЛАР АЛҚАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

#Байзақ: НАИБ ИМАМ АНАЛАР АЛҚАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Сарыкемер ауылында бой көтерген «Ар-Рахман» мешітінде Байзақ ауданына қарасты аналар алқасының мүшелерімен кездесіп жастар тәрбиесі мен  дін мен дәстүр тақырыптарын қозғады.

Кездесуде Бақытбек Бауыржанұлы: «Дініміз Ислам жастардың қоғамдағы рөлінің жоғары екенін айтып, олардың тәрбиесіне айрықша көңіл бөлуге шақырады. Жастық шақты адам өмірінің ең маңызды бөлігі деп санап, оны бос өткізіп алмай, пайдалы іске арнауды өсиет етеді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Рум» сүресі, 54-аятында: «Ол сондай Алла, сендерді әу баста әлсіз етіп жаратты. Сосын әлсіздіктен кейін күш берді, сосын қайта күш-қуатыңды кемітіп, қартайтты. Ол қалағанын жаратады. Сондай-ақ, Ол бәрін білуші, құдірет күштің иесі», – деп айтқан.

Аятта жастық шақтың екі әлсіздік ортасындағы адам бойына күш пен жігер бітетін уақыт екендігі баяндалуда. Осы аят тағылымын әрбір жас ойланып, бойында күш-қуатын білім алуға, игі істер атқарып, өзгелерге пайда келтіруге тырысуы қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Бес нәрсе келместен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: қарттық келместен бұрын шастық шақтың, ауру келместен бұрын денсаулықтың, кедейлік келместен бұрын байлықтың, шұғылданбастан бұрын бос уақыттың және ажал келместен бұрын өмірдің қадірін біл», - деп «Дәстүр болашақтың кепілі» тақырыбында насихатын айтты.

Аналар алқасының мүшелері су тасқыны болып жатқан елді мекендерге Құран оқытып, халықтың амандығы үшін дұға жасады. 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: