Жылу жинау – Бұл да көмекке бағыталған дәстүрдің бір түрі. Мұнда бүтін бір отбасы қайғылы жағдайға ұшырап үй-жайынан айырылғанда (өрт немесе зілзала және т.б апаттар), мал-жанынан қапыда айырылғанда ауыл болып жиналып қолдарынан келген көмекті беруге тырысады. Ол қаржылай, заттай, немесе мал беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша көмек көрсету үшін арнайы бір адам «Жылу жинайды».
Осы орайда, Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы "Әл-Кәрим" мешітінде судан зардап шегіп жатқан отандастарымызға жылу жиналды. Осыған дейін, қаржылай және азық-түліктей көмек жіберілген болатын. Бұл жолы астыға төсейтін төсеніш, жамылғанға көрпе және жастанатын жастық жіберілді. Осы игі іс-шараға атсалысқан бауырларымызға алғысымызды білдіреміз.
Алла Тағала судан зардап шегіп жатқан бауырларымызды қалыпты өмірге тез арада оралуын нәсіп етсін!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі