Мешіт – Жаратушы Алланың үйі, құлшылық орны. Мешітте жамағатпен құлшылық жасау – сауапты амал. Сонымен қатар, мешіт тазалығы да аса маңызды. Алла елшісі (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дін – бұл тазалық», - деп өз үмметін тазалыққа шақырған. Осы орайда, Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы "Әл-Кәрим" мешітіне жаңа шаңсорғыш сыйлыққа берілді. Осыдан бірер күн бұрын мешіттің шаңсорғышы істен шығып, тазалық жасалмай қалған болатын. Мешітке намаз оқуға келген кәсіпкер ағамыз жағдайды естіп, бірден жаңасын сыйға берді.
Алла Тағала мешітке қарайласып жүрген аға бауырларымыздың ниеттерін қабыл етіп, отбастарына, кәсіптеріне береке берсін!
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі