#Т.РЫСҚҰЛОВ: УАҚЫП ҚОРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: УАҚЫП ҚОРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы бастап,  Алматы қаласы Медеу ауданы «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Серікхан Ахмадиев және Жамбыл облыстық орталық мешіттің наиб имамы Есет Таласбаев Луговой ауылы «Әл-Хақ» мешітінің жамағатына Уақып қорын насихаттады.

Уақып қорының қызметін баяндап: «Уақып – ол зекет емес. Оның зекеттен айырмашылығы зекет – парыз, ал уақып – парыз емес, сүннет амал. Зекетте нисап мөлшері бар. Ал уақыптың белгілі бір мөлшері жоқ. Зекет жылына бір рет берілсе, уақыптың мерзімі бекітілмеген. Адамның өз еркіндегі нәрсе болғандықтан, адам өзі қалағанынша уақып етеді. Зекетке берілетін ақшаны айналымға сала алмайсыз, бірден 8 топтағы адамға таратып беруіңіз керек болады. Ал, уақыпта қаржыны айналымға салуға болады,- деп зекет пен уақыптың айырмашылығын айтты.

Қуаныш Түзелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: