ҚМДБ Жамбыл облысы Байзақ ауданының «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Байзақ баба» мешітінің ауласында әйел жамағаты мен қайырымды жандардың көмегімен «Сатып ал да, сауап ал» қайырымдылық акциясы өтті. Байзақ ауданының қайырымды жандары мен мешіт жамағаты өздері әзірлеген түрлі дәмді тағам түрлерін арзан бағамен жұмаға келген жамағатқа сатты.
Акциядан түскен қаржы аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған мұқтаж екі отбасыға табысталды. Қайырымдылыққа жұмсалған қаржы 30 000 теңгені құрады. Әрине мұндай акциялар қазіргі қысбатшылық уақытында аз да болса, мұқтаж жандардың жыртығына жамау болары сөзсіз.