Зікір – пенденің Жаратушысының разылығын бөленуіне, жүрегінің тазаруына, күнәларының кешірілуіне себепші болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді: "Алланы еске алуды мақсат етіп, тек Оның ризалығын ғана қалап жиналған қауымға көктен: "Күнәларың кешірілген күйде орындарыңнан тұрыңдар, сендердің жамандықтарыңның барлығы да жақсылықтарға алмастырылды" деп айтылады", – деген (имам Ахмад).
Аудандық Қордай мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйытқы болуымен әйел-қыздар жамағаты Құранды бастан аяқ хатым жасап, истиғфар дұғасын оқып және салауаттар айтты. Хатым дұғасы оқылып жамағатпен барша әлемдегі жағдайларға, еліміздегі жағдайларға дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



10 Ноябрь 2025
19 Джумада-авваль 1447

