Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылдық Мәдениет үйінде бірінші мамыр Бірлік күніне орай "Береке бастауы бірлік пен ынтымақ" тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараға ауданның бас имамы Р. Асылбекұлы және зиялы қауым, өзге ұлт өкілдері қатысып, елдің бірлігі мен татулығы жайында жақсы тілектер мен жылы лебіздерін жеткізді. Құранда Алла Тағала: "Барлығың Алланың дінін бекем ұстаңдар және бөлінбеңдер" - деген аятта да адамдардың бірлікте болудың пайдасының зор екендігін аңғартып тұр.
Ғ. Әлім
Мойынқұм тілшісі