#Байзақ: ОБЛЫС ҰСТАЗЫ «АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

#Байзақ: ОБЛЫС ҰСТАЗЫ «АР-РАХМАН» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Зулпыкаров Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің жамағатына жұма уағызын айтты.

Нұрсұлтан Зулпыкаров: «Адамдарға көркем өнеге ретінде жіберілген ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өте әділ еді әрі өзгелерге де әр істе әділдік жолын ұстануды бұйыратын. Хадис шәріпте: «Расында, турашыл болғандар, Алланың құзырында нұрдан жасалған мінберлерге жайғасатын болады. Олар – үкім етуде отбасы мүшелеріне және өздеріне бағынышты жандарға әділ болғандар», – деп айтылған (имам Мүслим).

"Қазақ халқы да әділдік ұғымын ерекше қастер тұтқан. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің Жеті Жарғысы» – бәрі де қара қылды қақ жарған әділеттілікке негізделді," – деп әділетті сүюге шақырған», - деп «Қоғам әділдікпен дамиды» тақырыбында жұма насихатын айтты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: