Мойынқұм аудандық мешіт жамағаты табиғат аясына көкке шығып, таза ауамен тынысталды. Табиғат қай кезде де болмасын адам жанына тыныштық ұялататын бірден бір орын екендігі белгілі.
Көктем айы табиғаттың құлпыратын сәті болғандықтан "Мойынқұм" мешіт жамағаты бірігіп өзара демалыс ұйымдастырды. Спорттық іс-шаралар мен уағыз насихаттар айтылды. Ауданның бас имамы Р. Еспенбетовтың тікелей қолдауымен өткізілді.