"Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызы мен мешіт шәкірттері Тараз қаласы маңындағы балабақша алаңына 130 түп, сонымен қатар "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің қыздар білім алып жатқан Айша бибі ауылындағы "Бейбіт" ата ғимаратының маңына 30 түп жеміс тал, түрлі гүлдерді отырғызды.
Ислам – адамзатты алдымен Аллаға иман келтіруге, содан соң сол иман аясында игі амал істеуге шақыратын дін. Құран Кәрімнің көп аятында еңбек ету әрдайым иманмен бірге қосарланып келіп, екеуі бір-бірінен ажырамас ұғымдар екендігі баса айтылған. Еңбек етудің артықшылығы туралы Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадисінде айрықша атап өткен. «Кiмде-кiмнiң қолында бiр ағаштың көшетi (тал шыбығы) болса, Қиямет басталып кетсе де қолындағы көшеттi (үлгеретiн шама болса) дереу отырғызсын» деп бұйырған (Бұхари).
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі