"Кеңесхан қажы" мешітінің шәкірттері бұрындары мешітте дәріс алып, тұрақты жамағат болған қария әжелерімізді зиярат етіп барды. Апалар қарттық салдарынан мешітке келе алмай үйде отырып қалған болатын.
Қыздар тәттілер мен азық-түлік, кішігірім сыйлықтарын алып, әжелердің есігін қақты. Қанша жылдар өткесе бізде қалай ұмытпадыңыздар деп ақ жаулықтылар қатты қуанып, разы болды.
Айт мерекесінде қарттарды қуанта барған қыздар да ерекше әсер алып, бұл амалды жиі атқарып тұрды ұйғарды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі