Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйелдерге арналған "Жаназа" семинары өтті. Шараны сектор жетекшісі Жазира Иманалиева мен Жібек Қолағұлова жүргізді.
Жиында адам хал үстінде жатқанда не істеу керек, адам қайтыс болғанда не жасайды, мәйітті жуу, кебіндеу турасында толыққанды ақпарат берілді. Ұстаздар көпшіліктің сауалына жауап беріп, әйел баласын кебінеу, жуындыру рәсімдерін тәжірибе жүзінде жасап көрсетті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі