Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауданға қарасты мешіт қызметкерлерін жинап, бірқатар діни мәселелерді талқылады. Имамдар жиналысының басында дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Нұрсұлтан Шәмшіхан және аудандық экстремизм мен терроризмге жауапты маман Нұрдәулет сөз алып, діни мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды. Кейін, ауыл имамдары түрлі сауалдар қойып, қордаланған мәселелерді шешудің жолдарын қарастырды.
Сонымен қатар, жиында ауданның бас имамы рамазан айында жақсы қызмет атқарып, көзге түскен ауыл имамдарына алғыс айтып, өз ризалығын білдірді. Алдағы уақытта атқаратын жұмыстар мен іс-шаралар бойынша тапсырмалар мен бағыт-бағдар берілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі