Адам өмірінде қуанышты да, қайғылы да жайлар болады. Басына іс түскенде, тұрмыста кездесетін қиын жағдайда, ренішті, күйінішті кездерде адамдар бір-біріне көңіл білдіріп, қиыншылыққа ортақтасып, ақыл-кеңес береді. Ашулы сәтте басу айтады. Міне, осындай кездерде ауылы аралас ағайын-туыс көңіл білдіріп, дастарқан жайған. Аталған жағдайларда жайылған дастарқан "көңіл шай" деп аталған.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық округіне қарасты аудандық "Толымбай тегі Зиябек" мешітінің ұстазы Диханбайқызы Клараның ұйымдастыруымен "Көңілшай" кездесуі болып өтті.
Кездесуімізге Жамбыл облысы бойынша Әйел қыздар секторының жетекшісі Иманалиева Жазира ұстазымыз болды. Уағыз насихаттар айтылып, рухари кешке айналды.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.